Түлектерді сынақ мерзімінсіз жұмысқа қабылдау нормасы жойылмақ

Атап айтқанда, бүгінде жұмыс беруші ЖОО және колледж студенттерін жұмысқа алуға айтарлықтай ниет білдірмеуде, себебі қызметке алған жағдайда олар сынақ мерзімінсіз бірден екі жылға қабылданады.
Кезінде бұл норма жастарды еңбекпен қамтуға қолдау жасау тұрғысынан қабылданған еді.
«Осы жағдайда бұл норма түлектерді жұмысқа алуды міндеттемейді. Яғни, бұл норма жастарды қызметке алғаннан кейін сынақ мерзімін бекітпей, бірден екі жылға қабылдауды көздейді. Әрине, жұмыс беруші түлектің біліктілігіне көз жеткізбегендіктен, оны жұмысқа алуға айтарлықтай ниет білдермейді. Бұл тұрғыда біз теріс нәтижені көріп отырмыз, жұмыс беруші жастарды қызметке алмауды жөн көретіні айқындалды», - деді министрдің орынбасары.
Оның сөзіне қарағанда, енді жаңа кодексте жұмыс берушіге бөлек азаматтарға сынақ мерзімін орнатуға тыйым салатын норма жойылған көрінеді.
Жұмыс берушіге сынақтан өту мерзімін кез келген қызметкер санатына қою құқығы беріліп отыр.