Түлкібас-Арыс учаскесінде пойыз қозғалысы қалпына келтірілді

 Түлкібас-Арыс учаскесінде пойыз қозғалысы қалпына келтірілді
Фото: otyrar.kz

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM - Түлкібас-Арыс учаскесінде жүк вагондарының жолдан шығып кету жағдайы болған жерде пойыз қозғалысы қалпына келтірілді. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Кешіктірілген пойыздардың жолаушылары тамақ және ауыз сумен қамтамасыз етілді. Жолда қалып қойған 492 жолаушыны жеткізу үшін 5 автобус ұйымдастырылды. Жүк вагондарының жолдан шығып кету салдарын жоюға үш қалпына келтіру пойызы және 100-ден астам теміржолшы жұмылдырылды.

«Компания жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және пойыздардың кідіру уақытын қысқарту мақсатында қажетті шараларды қабылдап жатыр. Анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі арқылы алуға болады», - делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында жүк пойызы рельстен шығып кеткенін жазған болатынбыз. Оқиға орнына келген құтқарушылар 150 шаршы метр жердегі өртті жойды.

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Апат салдарынан 10 пойыз кестеден кешікті.

Соңғы жаңалықтар