Түлкібас ауданында сүт өнімі өндірісінің экологиялық тиімділігі тақырыбында дөңгелек үстел өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында «Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» тақырыбы аясында білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ә.Науаи атындағы жалпы орта мектебінде «Экологиялық таза сүт өнімі өндірісінің экологиялық тиімділігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Арнайы дөңгелек үстелге аудан жастары алдын ала зауыт өнімдерімен танысып келді. Зерттелген өнімдерге дөңгелек үстел барысында өздерінің дайындаған баяндамаларын қорғады.

Біздің отандық өнімдеріміздің шетелдік өнімдерге қарағанда экологиялық таза сапалы өнім екені дәлелденген. Әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім болып отыр. Зауыт қызметкерлері мен жастардың арасында өткен дөңгелек үстелдің жас ұрпақ үшін маңыздылығы туралы біздің бүгін қарастырып отырған өзекті мәселеміз Экологиялық таза өнімдер оның өндірістік экологиялық экономикалық тиімділігі жайлы түсіндірілді.

Экологиялық таза өнім өндіру мен тұтыну үлкен әлеуметтік экономикалық мағынаға ие, ол бір жағынан өндірістің инновациялық кәсіпкерліктің арнайы түрін дамыту, екінші жағынан ұлт денсаулығы мен өмір сапасын сиппаттайтын көрсеткіштерге қол жеткізу. Алдағы уақыттарда да әртүрлі өндірістік орындармен дөңгелек үстелдер өткізіледі.

 

Соңғы жаңалықтар