Түлкібас ауданының әкімі тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады

None
None
ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Түлкібас ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. Бұл шара мемлекеттік органдарда республикалық бірыңғай азаматтарды қабылдау аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына ерекше назар аударылған болатын. Ондағы басты мақсат халықпен тікелей қатынас орнату болып табылады. Осы бағытта қоғамдық қабылдауда аудан басшысы таңғы сағат 9:00-ден кешкі 19:00-ге дейін жеке қабылдау өткізді. Әкімнің қабылдауында болған тұрғындар тұрғын үй, әлеуметтік көмек, құрылыс және жұмыс мәселелерін көтерді.

Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап берді. Сондай-ақ, бірқатар жұмыс сұраушылардың мәселесін шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді. Ал, әлеуметтік көмек сұраған аудан тұрғынына мүмкіндігінше көмек жасалатынын жеткізді.

Тұрғын үй мәселесін айтып келген азаматтарға тұрғын үй қатынастары туралы заңының шеңберінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Соңғы жаңалықтар
telegram