Түлкібаста 600 тоннадан астам жаңғақ жиналды

ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат - Түлкібас ауданында соңғы екі жыл көлемінде жаңғақ шаруашылығын дамыту ісі жолға қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Жаңғақ ағашы облысымыздың барлық өңірлерінде өсе бермейтіні белгілі. Түстікте Түлкібас, Төлеби, Сайрам және Қазығұрт аудандарының тау бөктерінде және үй іргелік жерлерде өседі.

Түлкібас ауданында осы уақытқа дейін жаңғақ ағаштарын тек бақшада өсіріп, одан өнім алып келген еді. Былтыр ауданда облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес 257,5 гектар жерге жаңғақ көшеті отырғызылды.

Осылайша, ағымдағы жылы Түлкібаста жаңғақ ағаштарынан 627,6 тонна өнім жиналғаны белгілі болды. Ал жаңғақ өнімін жинауды жергілікті тұрғындар жеке кәсіп ретінде іске асырып жатыр. Олар аудандық орталық базар жанынан қабылдау бекеттерін ашып, өнімнің піскен кезінде сапасына қарай келісін 400-500 теңгеден сатып алады. Оны қайта өндеуден өткізу арқылы қабығынан ажыратып (пайдалануға дайын күйінде) облысымыздың ірі сауда орталықтары мен кондитерлік цехтарға өткізеді. Немесе басқа өңірлерге келісін 1200-1500 теңгеден жөнелтіп отыр.

Соңғы жаңалықтар