Түлкібаста ауыл клубтарын жетілдіру мақсатында семинар-кеңес өтті
Семинар-кеңеске Түркістан облысы аумағындағы қалалық, аудандық, мәдениет қызметкерлері қатысып, ауыл клубындағы проблемаларды атап өтті. Аталған шарада облыс көлеміндегі халық шығармашылығын дамытуда инновациялық жобалар жасау мен өзара тәжірибе алмасу жайы сөз болды. Мәдени тынығу, бұқаралық іс-шараларды өткізу, мәдениет мекемелерінің қоғамдағы рөлі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұсыныс-пікірлер айтылды.
Шара барысында келген қонақтарға Түлкібас ауданы аумағында орналасқан киелі жерлерге экскурсия ұйымдастырылып, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары концерт қойды.
Семинарға қатысушылар сондай-ақ, ауданындағы мәдениет саласын дамыту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары бағасын берді. Саяси қуғын-сүргін құрбандарының ескерткішіне гүл шоғын қойып, құрмет көрсетті.