Түлкібаста ауыл шаруашылығында 12 жоба іске қосылды

None
None
ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Түлкібас ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында ауқымды жобалар іске асуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына орай биыл алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып және халықты жұмыспен қамту мақсатында жалпы сомасы 6094 млн тенгені құрайтын 33 жоба іріктеліп алынды. Бүгінгі күнге жалпы сомасы 787,3 млн теңгені құрайтын 12 жоба іске асырылды. Оның ішінде, өз қаражаты есебінен – 7 жоба, несиелендіру арқылы – 5 жоба, ал қалған 21 жоба бойынша бүгінгі күнде шаруа қожалықтарының басшылары құжаттарын жинақтап, қаржы институттарымен қаржыландыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Бүгінгі таңда аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен барлық деңгейдегі қаржы институттарын тарта отырып, жергілікті кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие алу бойынша түсіндіру жұмыстары қарқынды жүруде.

Соңғы жаңалықтар