Түлкібаста батагөй қариялардың байқауы өтті

ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Түлкібас ауданында батагөй қариялардың байқауы өтті. Шараға 11 ақсақал қатысып, бас жүлдені сарапқа салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Батаменен ел көгерер» атты сайыс Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Рухани қазына» кіші бағдарламасын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Екі бөлімде өткен байқауда қатысушылардың бабалар өсиетін, сөз саптасын, даналық ұғымын ұрпағына жеткізу жағы сыналды. Сондай-ақ, айтылған баталардың маңыздылығы мен ерекшелігі де назарға алынды. Сайыс қорытындысымен бас жүлдені және «Ең батагөй қария» атағын Түлкібас кентінің атынан шыққан Ермахан Дәулетов жеңіп алды. Екінші орынды Шақпақ ауылдық округінің батагөй қариясы Ермек Бейсетаев иеленсе, үшінші орын Кемербастау ауылдық округінен келген Аманбай Абдалимовқа бұйырды.

Іс-шара соңында жүлделі орындардан көрінген қатысушыларға аудандық ардагерлер кеңесінің тарапынан бағалы сыйлықтар және алғыс хаттар табысталды.
Соңғы жаңалықтар
Референдум