Түлкібаста істен шыққан автобустан 47 жолаушы құтқарылды

АСТАНА. Қазақпарат - Түркістан облысы Түлкібас ауданында жол ортасында тоқтап тұрған автобус жолаушылары құтқарылды, деп хабарлайды Қазақпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
None
None

«18 қаңтар күні сағат 02:55-те жедел кезекшілердің басқару пультіне Түлкібас ауданы Келтемашат ауылы тұсында «Алматы-Ташкент-Термез» жолында жолаушылар автобусының тоқтап қалғаны туралы ақпарат түсті. Шымкент-Астана бағытына бет алған «Neoplan» маркалы автобусы техникалық ақаудан жол ортасында қалған, көлікте 47 жолаушы болған», - деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Облыстық ТЖ департаментінің қызметкерлері 12 жолаушыны (1 Өзбекстан азаматы, екеуі - бала) Келтемашат ауылына эвакуациялады.

Ешқайсысы медициналық көмекті қажет еткен жоқ.

«Қалған 35 жолаушы автобуста қалуды ұйғарды. Келесі автобус жеткенше оларды Өрт сөндіру қызметінің «Урал-Вахта» машинасына жайғастырылды», - деді Н. Нұрахметов.

null

Соңғы жаңалықтар