Түлкібаста М.Тынышбаев пен Т.Рысқұловтың ескерткіші ашылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістан облысында Түлкібас ауданының 90 жылдығы аясында М.Тынышбаев пен Т.Рысқұловтың ескерткіші ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  Түлкібаста М.Тынышбаев пен Т.Рысқұловтың ескерткіші ашылды

Тас мүсіндер Т.Рысқұлов ауылдық округіндегі Түлкібас теміржол станциясында орнатылған.

Ескерткіштің ашылу рәсімінде аудан әкімі Н.Тұрашбеков, ғалым Д.Қамзабекұлы, дербес зейнеткер Ө.Қалықұлов сөз сөйлеп, қос тұлғаның атқарған еңбектері жайлы айтып өтті.



Айтулы шара аясында аудан орталығы Т. Рысқұлов ауылында жаңа көпір пайдалануға берілді. Ауданның мерейтойында ашылған жаңа нысан өңір тұрғындары қуанышты жаңалық болды.

Сондай-ақ, мерейтойға қатысушылар Түркістан облысының киелі жерлер географиялық картасына енген «Түркібасы әулиесі» кесенесімен танысты. Кесененің ашылуына аудан әкімі Н.Тұрашбеков сөз сөйлеп, рухани жаңғыру аясында ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Бұл күні сондай-ақ жаңа саябақтың ашылу рәсімі де өтті. Орталық саябақтың жалпы жер көлемі 2,2 гектарды құрайды. Саябақ толығымен қоршалып, абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ балаларға арналған ойын алаңшаларымен жабдықталған.