Түлкібаста «Мархабат оқулары» байқауының марапаттау рәсімі өтті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында «Мархабат оқулары» байқауының марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 9 желтоқсан күні «Мархабат-Мирас» қоғамдық қорының, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімінің, аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде дәстүрлі «Мархабат оқулары» байқауының марапаттау рәсімі өткізілді. «Мархабат оқулары» аудандық байқауының мақсаты: жастарды шығармашылыққа баулу, отансүйгіштікке, патриоттық сезімдерін қалыптастыру, ұлттық дәстүрге тәрбиелеу, көркем әдебиетке бет бұруға баулу.

Іс-шараға облыстан арнайы келген белгілі ақын жазушыларымыз бен қоғам қайраткерлері қатысты. «Мархабат оқулары» аудандық байқауында Мархабат шығармаларынан үздік болып танылған оқушыларға «Құрмет грамотасы» мен Мархабат Байғұт ағамыздың «Қозапая» естелік кітабы табысталды. 

Іс-шарада «Ойы-терең, шабыты-шалқар қаламгер» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараға аудан әкімі Әуелхан Тұрғымбеков қатысып, мерекемен құттықтады. Мархабат Байғұт 1945 жылы 25 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданының Пістелі ауылында дүниеге келген. ҚазМУ-дің филология факультетін бітірген. Сібірде, Қиыр Шығыста әскер қатарында болған. Түлкібас аудандық «Шамшырақ» газетінде, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде көп жылдар бойы әдеби қызметкер, мәдениет, әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болды.

Соңғы жаңалықтар