Түлкібаста үш елдімекеннің ауыз су құбыры жаңартылып жатыр

ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Түлкібас ауданындағы Азаттық ауылының 55 шақырым құрайтын ауыз су құбырын жаңарту жұмыстары қарқын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түлкібаста үш елдімекеннің ауыз су құбыры жаңартылып жатыр

Төрт мыңнан астам тұрғыны бар елді мекенге су құбырын жүргізу жұмыстарының 7 шақырымы аяқталған.

Шақпақ-баба елді мекенінде де бір ай бұрын басталған құрылыс жұмыстары 40 пайызға аяқталған. Яғни, 28 шақырым су құбырының 12 шақырымнан астамы жаңартылған.

Сондай-ақ, биыл Балықты ауылының көп жылдан бері шешімін таппай келген 3,5 шақырымды құрайтын көшелерінің ауыз су құбырлары толығымен жаңартылмақ.

Мүлдем су құбыры тартылмаған Рахымов, Алаң және Балықты көшелеріне де су құбыры тартылып, қосымша 2 бірдей су мұнарасы орнатылатын болады.