Түлкібаста жаңа мешіт пайдалануға берілді

ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Түлкібас ауданында жаңа мешіт ел игілігіне пайдалануға берілді. Қасиетті құрбан айт мерекесі қарсаңында ашылған Алла үйі жергілікті тұрғындар мен жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен салынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Мешіттің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы мұсылмандар діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкілі М.Ақтамберді қатысып, жаңа мешіт жастарды имандылыққа тәрбиелейтін орталыққа айналатындығын айтап өтті.Дәстүріміздің, тағылымға толы тарихымыздың насихатшысы болып, діни һәм ғылыми жаңалықтардың жаршысы атанатындығын жеткізді. Игі іске ұйытқы болған жандарға алғысын айтты. Салтанатты ашылу рәсімінде сондай-ақ, қазақ еліне танымал әнші, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Өнербаев, аудандық мәслихаттаң хатшысы С.Сейсенбаев және Түлкібас кентінің биі Б.Сарыбаев та құттықтау сөз сөйлеп, жұртшылықты қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Шара барысында аудандық мәслихаттың хатшысы С.Сейсенбаев кіндік қаны тамған, туған жеріне, игілікті іс жасап жатқан Қайрат Айтбайға облыс әкімдігі тарапынан жолданған алғыс хатты табыс етті.

Айта кетейік, Алла үйінің құрылыс сәулеті ұлттық нақышпен тұрғызылған. Мешіттің конференция залы, кітапханасы, екі дәрісханасы, бір үлкен әйелдер залы, неке және имамдар бөлмесі бар. Сонымен қатар құлшылыққа келушілерге арналған автотұраққа орын бөлінген. Мұнымен қатар, мешіт аумағында асханасы да қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар