Түлкібаста жаңа шағын аудан құрылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік мәселелер оң шешімін тапқан ОҚО Түлкібас ауданында жыл өткен сайын халық саны артып, шағын аудандар мен жаңа көшелер құрылуда.
None
None

Мәселен, оның бірі Т.Рысқұлов ауылының шығыс жағында орын тепкен жаңадан құрылған «Нұршуақ» шағын ауданы. Жаңа ауданда болған  жергілікті әкім Қ.Абдуалиев ондағы жүргізілген инфақұрылым жұмыстарымен танысты.

Бүгінде мұнда жалпы құны 143 млн. 708 мың теңгеге ауыз су, жол мен аяқ жол, газ, электр жарығы сынды коммуналдық қажеттіліктер жасалуда.

Нұршуақтағы халықпен кездесуге аудан әкімі Қ.Абдуалиев, аудандық мәслихаттың хатшысы Ө.Маткеримов, Майлыкент ауылдық округінің әкімі К.Жартыбаев қатысып, ауыл тұрғындарымен өзекті мәселелерді талқылады.

Сондай-ақ, Т.Рысқұлов ауылына жұмыс сапарымен барған аудан әкімі орталық көшедегі абаттандыру жұмыстарын аралап көрді. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан аудан орталығын көріктендіру үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, жол бойынан гүлзарлар мен тынығу орындары, аяқ жол мен әртүрлі тақырыптағы композициялар орнату жоспарлануда. Құрылыс нысандарын аралаған аудан басшысы мердігер компанияға жұмысты сапалы атқару қажеттігін айтты, деп хабарлайдыОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

 

Соңғы жаңалықтар