Түлкібастағы көшелерге жарықшамдар қойылып жатыр

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы 16 елді мекеннің көшелеріне жарықшам орнату жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Жоспар бойынша жарық беру құрылғылары жалпы ұзындығы 36 шақырым болатын 19 көшеге қойылады. Қазіргі таңда, жұмыстың 75 пайызы орындалған. Жоба мамыр айына дейін толық аяқталады.

Айта кетейік, бұл мәселе аудан әкімі Нұрлан Байғұттың халыққа есеп беру жиынында көтерілген болатын. Яғни, тұрғындар түнгі уақытта ауыл арасында жүріп-тұру қиын екенін айтып, аудан басшысынан көшелерді жарықтандырып беруді сұраған. Өз кезегінде Нұрлан Мархабатұлы халықтың өтінішін қанағаттандырып, тиісті сала мамандарына тапсырма берген. Нәтижесінде, азаматтардың өтініші биылғы жылдың жұмыс жоспарына еніп, іске асырылуда.


Соңғы жаңалықтар