Түлкібастық полицейлер есепте тұрған жасөспірімдерді саяхатқа алып барды

ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Түлкібас ауданында полицейлер мінез-құлқы қиындау, есепте тұрған жасөспірімдерді киелі орындарға саяхатқа алып барды. Бұл саяхат Түркістан облысы аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түлкібастық полицейлер есепте тұрған жасөспірімдерді саяхатқа алып барды

Түлкібас аудандық полиция қызметкерлері алдымен Жанкент, Б.Момышұлы, Тұрар, А.Асқаров, Лермонтов жалпы орта мектептерінің оқушылары арасында «девиантты» мінез-құлықты балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кейіннен бұл балалар Түлкібас ауданындағы киелі орындарға саяхаттап қайтты. Атап айтқанда, Түркібасы, Ақтас, Тамшы бастау әулиелердің басына барып, зиярат жасады.

«Балаларды саяхатқа апарудағы басты мақсат – жастар арасында патриоттық сезімді ояту, туған жерлерінің қорғаны болуға шақыру. Сондай-ақ, болашақта тәрбиелі-тәртіпті азаматтар болуғатүсіндірме жұмыстары арқылы ықпал ету»,- дейді аудандық полиция бөлімінің инспекторлары.

Өз кезегінде саяхатқа шыққан оқушылар да полицейлерге алғыс айтты.

Айта кетейік, аталған профилактикалық шара облыс аумағында 18-25 қазан аралығында өтуде. Түркістан облысының полицейлері осылайша мінезі қиын балаларды дұрыс жолға түсуге шақырып жатыр.