18:52, 24 Қазан 2016 | GMT +6
Түлкінің кесірінен ұшақ Шереметьевоны екі рет айналды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түлкінің өлексесі ұшақтың Шереметьево әуежайын екі рет айналуына себеп болды.
Бұл туралы Ресей газетіне әуе айлағының баспасөз қызметінен хабарлады.
«22 қазанда ұшып-қону алаңында бөгде заттың табылуынан әуе кемесіне екінші айналым жасауға тура келді. Зат алынғаннан кейін ұшақ сәтті қонды», - деді басылымның сұхбаттасы.
Әуежайдың баспасөз қызметінде оқиға сенбі күні таңертең орын алғанын айтты.
Бұл ретте, БАҚ-та ол заттың түлкінің өлексесі екені жазылса да, баспасөз қызметі «бөгде зат» анықтамасын ұстанып отыр.