«Тұлпар» футзалдан УЕФА Кубогында алғашқы жеңісіне қол жеткізді

АСТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат - Қарағандылық «Тұлпар» Боснияның «Танго» клубын тізе бүктіріп, өз тарихында футзалдан УЕФА Кубогының Элиталық кезеңіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды vesti.kz

«Тұлпар» футзалдан УЕФА Кубогында алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен кездесу 8:3 есебімен аяқталды. «Тұлпар» сапында Шыңғыс Чингиз Есенаманов пен Алвес Дуглас Грасиано хет-трик авторлары атанса, Александр Довгань және Фейтоса Талес бір-бірден гол соқты, қонақтардан Семир Гушо және Огнен Эрич екі мәрте қақпадан саңылау тапты.

Бүгін осы уақытта алматылық «Қайрат» беларусьтің «ВитЭн» командасын қабылдап жатыр. Ойынның басталуы Астана уақытымен 20:30-да. Кездесуді «Ел Арна» тікелей эфирден көрсетеді.

Өздерінің келесі матчын қарағандылықтар 22 қараша күні «ВитЭнмен» өткізеді.