«Тұлпар-Тальго» дәнекерлеушілері халықаралық «Arc Cup» байқауында жүлдеге ие болды
Командалық байқауға «Тұлпар -Тальго» ЖШС-ының теміржолшы-газбен дәнекерлеушілері - Владимир Шварц пен Михаил Гофман қатысты.
Қазақстан мұндай байқауға тұңғыш рет қатысып отыр. Дәнекерлеуші шеберлер газбен, майысқан электродпен, тот баспайтын болат, алюминий, мыс, никель бұйымдарын, титан құймасын дәнекерледі.
Он екі жылдық еңбек өтілі бар дәнекерлеуші Михайл Гофман алюминий бұйымдарын дәнекерлеудегі шеберлігін көрсетіп, өзіндік тәжірибесімен бөлісті. Соңғы бес жылда алюминиймен жұмыс жасап жүрген Владимир Шварц темірден бағын сынап көрді. Әртүрлі металдармен жұмыс жасаған дәнекерлеушілердің шеберлігін арнайы комиссия бағалады. Байқауға қатысушылар арнайы көрменің құралдарымен танысты.
«Біз Қазақстанда да мықты мамандар барлығын көрсетуді мақсат еттік. Қиындықтар болды. Оның ішінде басқа орта, басқа құрал жабдықтармен жұмыс жасадық. Біз байқау арасында өзімізде жоқ оқу құралдарымен таныстық. Байқауға бұрынғы Кеңес одағы құрамында болған елдердің дәнекерлеушілері қатысты. Оламен өзара тәжірибе алмастық»,- дейді «Тұлпар-Тальго» ЖШС дәнекерлеушісі Михайл Гофман.
Келесі жылы Шанхайда дәнекерлеушілер байқауы өткізіледі.
Қазақстандық дәнекерлеушілер келесі жылы «алтынды» қанжығасына байлаудан дәмелі.