«Тұлпар-Тальго» пойыздарына 75 пайызға дейінгі жеңілдік жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойыздарына үлкен жеңілдіктер жасалатындығын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тұлпар-Тальго» пойыздарына 75 пайызға дейінгі жеңілдік жарияланды

Компания ақпаратына сәйкес, төмендегі бағыттар бойынша қатынайтын пойыздардың «Турист», «Бизнес» және «Гранд» вагоны үлгілеріне  25 қаңтардан бастап 40 пайызға дейінгі қосымша жеңілдіктер жасалады:

 

№ пойыз

Вагон үлгісі

Қосымша жеңілдік көлемі  

 
 

№701/702 Алматы-Астана

Гранд

20%

 

Бизнес

20%

 

№705/706 Алматы-Петропавл

Гранд

20%

 

Бизнес

20%

 

№707/708 Астана-Шымкент

Гранд

30%

 

Бизнес

20%

 

№90/89 Астана-Қызылорда

Гранд

30%

 

Бизнес

20%

 

№19/20 Астана-Атырау

Гранд

40%

 

Бизнес

40%

 

Турист

20%

 

№49/50 Алматы-Ақтөбе

Гранд

40%

 

Бизнес

40%

 

Турист

20%

 

№67/68 Астана-Защита

Гранд

20%

 

Бизнес

20%

 

№69/70 Алматы-Защита

Гранд

40%

 

Бизнес

30%

 

Турист

10%

 

№87/88 Астана-Ақтөбе

Гранд

40%

 

Бизнес

40%

 

Турист

30%

 

№91/92 Астана-Қостанай

Гранд

20%

 

Бизнес

20%

 

Турист

10%

 

Сонымен қатар, бұрын енгізілген икемді жеңілдіктер мен жолаушылардың 3 тобына арналған дисконтты карталардың да күші сақталады:  

1) «Құрмет» - 60 жас пен одан ересек адамдар үшін 30%;

2)  «Жастар» - 16-25 жас аралығындағы жастар үшін 30%;  

3)   «Саяхатшы» - тұрақты жолаушылар үшін 10-20%.  

Осылайша, дисконт картасы бар жолаушы жаңа жеңілдіктер жүйесін қоса алғанда «Гранд» пен «Бизнес» вагондарында билеттерді 75 пайызға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады.