«Тұлпар-Тальго» пойызының жолақысына жеңілдіктер енгізілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жолаушылар пойыздарындағы қызметтердің қолжетімділігіне жағдай жасау үшін «Тұлпар-Тальго» пойыздарының «Гранд» және «Бизнес» вагондарында жол жүру құнына жеңілдіктер енгізілуде, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ.

«Тұлпар-Тальго» пойызының жолақысына жеңілдіктер енгізілуде

«Қызметтердің сапасын арттыру мақсатында, сонымен қатар жолаушылардың сұраныстарын қанағаттандыру үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ №19/20 «Атырау-Астана», №77/78 «Алматы-Атырау», №87/88 «Ақтөбе-Астана» жолаушылар пойыздарының «Гранд» (СВ), «Бизнес» (купе) санатты вагондарында жол жүру құнына жеңілдіктер енгізеді. Демек, мереке алды және мерекелік күндерінен өзге, демалыс күндері тарифтер жұмыс күндерінің деңгейінде болады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, «Тұлпар-Тальго» пойызының «Гранд» (СВ) вагонында қосымша санитарлық желімен және жеке душ бөлімі бар бес екі орындық купе бар. «Бизнес» санатты вагондарда (жеке санитарлық желісі жоқ екі орындық) «Гранд» вагондарында секілді жолаушылардың жайлылығы үшін отырғыштардың шынтақ таяныштарына жиналмалы шағын столдар орнатылған. Әр купе пойыз жолсерігімен байланыстыратын телефонмен жабдықталған.