Тұман, қар, көктайғақ: 23 желтоқсанға арналған ауа райы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 23 желтоқсанда ел аумағында ауа райы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атмосфералық фронттарға байланысты республиканың солтүстік жартысында, шығысында және қиыр оңтүстігінде қар жауады, жел күшейеді. Жаяу бұрқасын соғады.
Қазақстанның қалған аумағына антициклон ықпал етеді, сондықтан жауын-шашын жаумайды.
Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, оңтүстікте – көктайғақ.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде жел екпіні - 15-20, күндіз - 23-28 м/с жетеді. Кей жерлерде жаяу бұрқасын көтеріліп, тұман түседі.
Павлодар, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. Боран соғады.
Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Түркістан облысында – көктайғақ.