Тұман, көктайғақ: 2 наурызға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. KAZINFORM – 2 наурызда еліміздің басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Тұман, көктайғақ: 2 наурызға арналған ауа райы болжамы
Фото: Александр Павский/Kazinform

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің солтүстігі мен шығысында қар жауып, боран соғады, жел күшейеді. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар жауады.

Республика бойынша тұман түседі. Оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.