Тұман, көктайғақ: 28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Атлантикалық циклонның және атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің барлық аумағында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Kazinform.  

Тұман, көктайғақ: 28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, республика бойынша жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қалың қар жауады. Солтүстік пен солтүстік-батыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, екпінді жел болады деп болжанып отыр. Еліміздің солтүстік жартысында бұрқасын болады.

Түнде оңтүстік-батыста, Жамбыл облысының таулы аймақтарында екпіні 30 м/с және одан да жоғары жел соғады.