Тұман, көктайғақ: 4 өңірде ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 26 қараша күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұман, көктайғақ: 4 өңірде ескерту жарияланды

Атап айтқанда, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі.

26-27 қарашада Қарағанды облысының кей жерлерінде сондай-ақ тұман болжанады.