Тұман, көктайғақ, аяз: Бүгін күн райы қандай болады

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы 28 қарашаға жасалған күн райына байланысты болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұман, көктайғақ, аяз: Бүгін күн райы қандай болады

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, республиканың басым бөлігі әлі де суық антициклонның ықпалында болғандықтан бүгін күн ашық және аязды болады.

Атмосфералық ағындардың өтуіне орай республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады. Қазақстан Республикасының аумағында жел күшеюі мүмкін.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аймақтарында, түнде Қызылорда облысының оңтүстік-шығысында, Түркістан облысының таулы асуларында 30 м/с және одан да жоғары жылдамдықпен жел соғады.