Тұман, көктайғақ, боран: Еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
10 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, боран соғады, көктайғақ болады.
Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде желдің күші - 15-20 м/с.
Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын көтеріледі. Оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.
10 желтоқсан да Ақмола облысының кей жерлерінде және Көкшетау қаласында тұман түседі, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерде жел қарқыны - 15-20 м/с.
10 желтоқсан түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде 21°С дейін қатты аяз сақталады.