Тұман, көктайғақ: Дүйсенбіге күн райы болжамы
«Қазгидромет» РМК 25 желтоқсанға күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Кazinform.
Синоптиктер мәліметіне сүйенсек, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен құбылмалы ауа райы болжанады. Онымен еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын күтіледі. Тек шығыста және оңтүстік-шығыста дүйсенбі жауын-шашынсыз өтеді. Барлық аумақта тұман, көктайғақ, екпінді жел болады.
Еске салайық, Қазгидромет 25 желтоқсанда 16 өңірде ауа райы бұзылатынын ескерткен болатын.