Тұман, көктайғақ: ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазгидромет 7 ақпанда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады.

метель, боран, снег, қар
Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

Синоптиктердің болжамы бойынша, Павлодар облысында қар жауады, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Павлодарда түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.

Жетісу облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Талдықорғанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ақтау да оңтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының шығысында қар, жаяу бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың шығысында екпіні 15–20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын болады. Жолдарда көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағандыда түнде қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді. Жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 15 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Алматыда кей уақыттарда көктайғақ, тұман болады. Қонаевта кей уақыттарда көктайғақ болады, тұман түседі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с. Таразда кей уақыттарда тұман, күндіз көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Оралда тұман түседі, көктайғақ болады.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырауда түнде және таңертең тұман болады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Ақтөбеде түнде және таңертең тұман болады.

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, тұман болады. Қызылордада кей уақытта көктайғақ болады, тұман түседі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Түркістанда кей уақыттарда тұман түседі.

Шымкентте кей уақыттарда тұман болады.

Абай облысында қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с. Семейде түнде және таңертең қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын, көктайғақ болады, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда қар жауады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с. Өскеменде қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Астанада түнде қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді. Жолдарда көктайғақ болады.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жолдарда көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Айта кетейік, ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар