Тұман, көктайғақ, жел: 22 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Қазгидромет ел аумағында 22 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Kazinform.
Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты, еліміздің батысында, солтүстігінде, шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
«Республикамыздың қалған аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы болады. ҚР бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады. Екпінді жел соғып, солтүстікте жаяу бұрқасын сақталады.
Таңертең және күндіз Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, күндіз Жетісу облысының Алакөл аудандарында өте қатты жел тұрып, кей уақыттарда 30 м/с және одан асып түседі», — деп жазды синоптиктер.