Тұман, көктайғақ, жел - 4 қарашаға жасалған күн райының болжамы

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2023 жылғы 4 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Kazinform.

Жауын-шашын, көктайғақ: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: Кazinform

Республика аумағының басым бөлігінде Атлантикалық циклонның ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз. Еліміздің солтүстігінде атмосфералық фронттардың ықпалымен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, елдің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшеюі күтіледі