01:38, 27 Ақпан 2023 | GMT +5
Тұман, көктайғақ, жел: Дүйсенбіде жауын-шашын жаумайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет синоптиктері 27 ақпан, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігі ауқымды антициклон ықпалында болғандықтан жауын-шашын жаумайды.
Тек атмосфералық фронттардың әсерінен республикамыздың батыс жартысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болады.
Еліміздің қиыр солтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады.
Республика аумағы бойынша тұман түседі, жел күшейеді.