Тұман, көктайғақ, жел: Қазгидромет бүгінгі ауа райы болжамын жариялады

Қазгидромет ел аумағында 23 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Kazinform.

ауа райы
Фото: Kazinform агенттігі

Ондағы деректерге қарағанда, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты, еліміздің батысында, солтүстігінде, шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсуі мүмкін.

«Республикамыздың қалған аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы болады. ҚР бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел, солтүстікте жаяу бұрқасын күтіледі», — деп жазды синоптиктер.

Таңертең және күндіз Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, күндіз Жетісу облысының Алакөл аудандарында өте қатты жел кей уақыттарда 30 м/с және одан асып түседі.