Тұман, көктайғақ, желдің күшеюі - 25 қарашаға күн райының болжамы

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2023 жылғы 25 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Kazinform

қар
Фото: Pexels

ҚР басым бөлігінде күн райы тұрақсыз сипатта болады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), шығыста қатты жауын-шашын болады. Тек елдің оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде жауын шашынсыз ауа райы болжанады. Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, бұрқасын болжануда.