Тұман түсіп, үсік жүреді: 19 қазанға ауа райы болжамы
АСТАНА. KAZINFORM – Қазгидромет 19 қазандағы ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Астанада түнде және таңертең тұман түседі.
Атырау облысында жел екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың солтүстігі, оңтүстігі және шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады. Солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыста жоғары өрт қаупі бар. Атырау қаласында да өте жоғары өрт қаупі бар.
Ақмола облысында түнде және таңертең облыстың батысы, оңтүстігі және шығысында тұман түседі. Жел 20 м/с-қа дейін күшейеді. Оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында жел екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді.
Ұлытау облысының оңтүстігінде өте жоғары, шығыс және орталық бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда да жоғары өрт қаупі бар.
Шығыс Қазақстан облысында жел 20 м/с-қа дейін күшейеді.
Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі, батыс, солтүстік-шығыс және орталық бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысында жел 20 м/с-қа дейін күшейеді. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Қарағанды облысында түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман түседі.
Қызылорда облысында түнде 1–6 градус үсік болады, өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында түнде 1–3 градус үсік жүреді. Жоғары өрт қаупі бар.
Жамбыл облысында түнде және таңертең таулы аймақтарда тұман түседі. Жел екпіні 20 м/с. Батысы мен солтүстігінде өте жоғары, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысында түнде солтүстік пен шығыста көктайғақ, түнде және таңертең шығыс пен оңтүстікте тұман болады. Оңтүстігінде өте жоғары, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі бар.
Түркістан облысында жел екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Облыс бойынша өте жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістанда жоғары өрт қаупі бар.
Батыс Қазақстан облысындатүнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман болады. Жел 20 м/с-қа дейін күшейеді. Оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда түнде және таңертең тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде батыс, солтүстік және оңтүстігінде көктайғақ, түнде және таңертең тұман болады. Жел екпіні 20 м/с.
Павлодар облысында жел екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді.
Маңғыстау облысында жел 18 м/с-қа дейін күшейеді. Ақтау қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.
Айта кетейік, «Қазгидромет» РМҚ мәліметінше, қыс мезгілі қоңыржай жылы болады. Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері климаттық норма шамасында болжанады.
Қараша айында ауа райы қандай болатынын жазған болатынбыз.