Тұман түсіп, үсік жүреді: синоптиктер 12 қазанға болжам жасады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет 12 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің бірқатар өңірінде тұман түсіп, үсік жүреді. Алматыда жаңбыр жауады.

Тұман
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде +4…+6°C, күндіз +15…+17°C.

Алматыда күн ала бұлтты. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +17…+19°C. Күндіз жаңбыр жауады.

Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +24…+26°C.

Айта кетейік, бұған дейін бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайтынын жаздық.