Тұман, жаңбыр, жел - Қазақстанның бүгінгі күн райы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс, отүстік-шығыс және орталық өңірлерінде ауа райының тұрақсыздығы сақталады, жаңбыр жауып, жел күшейеді. Қазақстанның қалған аумағында күн жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды «Қазигдромет».
None
None

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда, Қостанай облыстарында желдің күші 15-20 метр секундына дейін жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде. Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады.

Соңғы жаңалықтар