Тұман, жел: 16 қарашаға арналған ауа райы болжамы

16 қарашада aнтициклон әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Kazinform «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 

ауа райы
Фото: Эльмира Оралбаева/Kazinform

Синоптиктердің болжамы бойынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың батысы мен солтүстігінде ғана жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болады.

Еліміз бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.