Тұман, жел: Синоптиктер 4 өңірде ескерту жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұман, жел: Синоптиктер 4 өңірде ескерту жариялады

Атап айтқанда, 15-16 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. 15-і күні – тәулік бойы, 16 желтоқсанда – күндіз батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады. Кей жерлерде оның күші 15-20 м/с артады.

15 желтоқсанда Ақмола облысында кей жерлерде тұман болжанады. Батыстан жел соғып, күндіз оның күші 15-20 м/с жетеді.

Сондай-ақ 15 желтоқсанда Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болады.