Тұман, жел, жаңбыр - 23 қазанға жасалған күн райының болжамы

АСТАНА. KAZINFORM - Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 23 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады. 

Погода пасмурно горы природа Ауа райы бұлтты таулар табиғат
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республика бойынша жаңбыр, солтүстік облыстарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі.

Республика бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі. Республикамыздың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында – көктайғақ, солтүстікте – жаяу бұрқасын күтіледі.