Тұманбай Молдағалиевтың мерейтойлық кеші өтті
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
75 жасқа толған ақынды қала әкімі Ахметжан Есімов пен өлең сүйер қауым, әріптестері, жазушылар мен ақындар, өнер жұлдыздары құттықтады. Ал Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы құтықтау хатын қала әкімі Ахметжан Есімов оқып берді.
Тұманбай Молдағалиев есімі әрбір қазаққа кеңінен таныс. Поэзияға 1950 жылдардың ортасында келген ақынның ең алғашқы өлеңі «Украин қызына» 1954 жылы жарияланды. Одан кейін «Студент көктемі», «Камила», «Феруза туралы ән» жинақтары жарық көрді. Сейдола Бәйтереков, Шәмші Қалдаяқов, Еркеғали Рахмадиев сынды әйгілі композиторлар жазған 500- ден астам әндердің мәтіні мен егемен Қазақстанның тұңғыш әнұраны авторларының бірі. Халықаралық Физули атындағы сыйлықтың иегері.
Кеш барысында ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалып, өлеңдері оқылды.