Тұманда адасқан бір отбасының 11 мүшесі құтқарылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында иен далада адасып кеткен бір отбасының 11 мүшесі құтқарылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Адасқандардың арасында төрт бала, тіпті үш айлық сәби болған.

Ауыл әкімі, полиция қызметкерлері және құтқарушылар адасқан отбасының мүшелерін  25 желтоқсан күні таңғы сағат 7-ден бастап іздеді.

«11 адам екі машинаға мініп, Ақтоғай ауданындағы Абай ауылынан Балқаш қаласына қарай жолға шыққан. Жолаушыларды қалың тұман бағытынан адастырған. Оның үстіне, автомобильдердің бірінің жанармайы таусылып қалған», - дейді облыстық ТЖД ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

Кейін адасқандар маңайдағы төбелердің біріне шығып, туыстарына телефон шалып, жағдайды айтып үлгерген.

«Адасқан отбасы туралы 25 желтоқсан күні сағат 7.30-да келді. Олар өздерінің дәл қай жерде екенін білмейтін хабарлады. Бұл құтқару жұмыстарын қиындатып жіберді. Оларды табу үшін ішкі істер департаментінің техникалық көмегіне жүгінуге тура келді. Полиция қызметкерлері мобильді байланыс арқылы адасқан отбасы мүшелері тұрған жердің координаттарын анықтап берді», - дейді Жанна Дәуренбекова.

Соңғы жаңалықтар