Тұманды Альбиондағы Олимпиадаға АҚШ делегациясын Мишель Обама бастап барады

АСТАНА. 25 маусым. ҚазАқпарат - Лондондағы Олимпиада ойындарының ашылуы салтанатына американдық делегацияны президенттің зайыбы Мишель Обама бастап барады.

Тұманды Альбиондағы Олимпиадаға АҚШ делегациясын Мишель Обама бастап барады

 Бұл жайында Yahoo News хабарлап отыр.

Делегация құрамында әр жылдардағы Олимпиада және Паралимпиадалық ойындардың чемпиондары, оның ішінде танымал баскетболшы Грант Хилл (Атлантада 1996 жылғы ойындарда «алтын» жүлденің иегері), жүзуші Саммер Сандерс (Барселонада 1992 жылы Олимпиада 2 алтын, күміс және қола медальдердің иесі) сынды спортшылар бар.