«Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарына үміткерлер анықталды

АСТАНА. KAZINFORM – 2026 жылы алғаш рет Qazaqstan Media Awards аясында өткізілетін «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарына үміткерлер анықталды. 

национальная премия «ҮРКЕР» 2024
Фото: организаторы премии «ҮРКЕР»

Іріктеу қорытындысы бойынша қазақстандық журналистердің, редакциялар мен шығармашылық ұжымдардың үздік жұмыстары байқаудың қорытынды кезеңіне өтті. Байқау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылды.

«Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарына үміткерлер анықталды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Биыл байқаудың 12 аталымы бойынша 600-ден астам журналист өтінім берді. Телевизия, баспасөз, интернет және радио салаларындағы журналистік жұмыстар ұсынылды. 

Заманауи медиатехнологиялар мен жаңа форматтарға ерекше назар аударылды. Алғаш рет «Журналистиканың болашағы: жасанды интеллект саласындағы үздік жоба» аталымы енгізілді.

«Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарына үміткерлер анықталды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мерейтойлық ұлттық сыйлықтардың жеңімпаздары тәуелсіз қазылар алқасының шешімімен анықталады. 

Қазылар алқасының құрамына белгілі журналистер, медиа саласының қайраткерлері мен сарапшылары енген.

Жеңімпаздардың есімдері 2026 жылғы 16 қазанда белгілі болады. Марапаттау рәсімі Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.