Тұмау пандемиясына қарсы іс-қимылдың Ұлттық жоспары жобасын ҚР министрліктер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері талқылады

АСТАНА. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті 2009 жылғы маусымның 11-інде күндізгі сағат 12:00-де Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директорының тұмау пандемиясы туралы ескертуінің 6 фазасын жариялады,

Тұмау пандемиясына қарсы іс-қимылдың Ұлттық жоспары жобасын ҚР министрліктер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері талқылады
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінгі күні А(H1N1) тұмау пандемиясы әлемнің 74 еліне тарап кетті, ол жер шарының барлық құрлықтарында көрініс береді, пандемиялық тұмаумен ауырған 27 мың сырқаттың 141-і қайтыс болды.Қазақстан Республикасына да тұмаудың келу қауіпі күн санап өсіп бара жатқанына байланысты, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тұмау пандемиясына қарсы тұрудың Ұлттық жоспары жобасын жасады, онда пандемияны тіркеу мүмкіндігі бар мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдар мен Қазақстанға пандемияның тартылуы кезеңінде барлық қызметтің жұмысына дайындық жөніндегі алдын алу шаралары көрсетілген. Бүгін Астанада кезекті кездесу өтіп, онда министрліктер мен ҚР халықаралық ұйым өкілдері аталған жобаны тағы бір рет талқылады.Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында тұрғындар арасында А(H1N1) тұмауын жұқтырған бір-бір оқиға тіркелген жоқ.