01:39, 23 Наурыз 2014 | GMT +5
Тұмаудан қашқан құтылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Спортпен айналысқандардың тұмауға шалдығу қаупі төмен. Бұған 5 жылға созылған зерттеуге қатысқан 4 мың адамның көрсеткіші дәлел болып отыр.
Сарапшылар дене шынықтыру мен тұмауға шалдығудың арасындағы байланысты бірнеше жылдан бері зерттеді, деп хабарлайды Myjane порталы. Осы орайда олар аптасына 2 сағат уақытын жаттығуға арнайтын адамдар ауруға сирек тап болатынын анықтады.
Дәлірек айқанда, ғалымдар жүгіру мен велосипед айдаудың пайдасы мол екенін алға тартуда. Спорттың өзге түрлері денсаулыққа пайдалы болғанмен, нақты тұмаудан қорғауға қауқарсыз, деп атап өтті ғалымдар.