Тұмауға қарсы вакцина сатып алуға 645 млн. теңге бөлінді
АСТАНА. 18 мамыр. ҚазАқпарат - Тұмауға қарсы вакцина сатып алуға 645 млн. теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін брифинг барысында Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің басқарма бастығы Айтмағамбет Жолшоринов айтты.
Оның айтуынша, ағымдағы эпидемиялық маусымда тұмауға қарсы 1 млн-нан астам немесе республиканың жалпы тұрғындарының 6,4 пайызы егілген. Бұл көрсеткіш өткен маусымға қарағанда 1,3 есеге жоғары.
«Алдағы эпидемиялық маусымға қарсы вакцинаны сатып алу үшін 645 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді. Қазірі уақытта оны сатып алу бойынша рәсімдер жүргізілуде», - деді ол.