Түмен облысы Назарбаев Университетінің тәжірибесіне қызығушылық танытуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей делегациясының ЭКСПО-2017 көрмесіне келуіне байланысты Астана қаласының әкімі Түмен облысының губернаторымен кездесті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әсет Исекешев пен Владимир Якушев екі қала арасында ынтықтастық әлеуеттерін талқылады.

Заманауи Түмен - мұнай сервисінің (өнімді алу және тасымалдау), машина құрыстырудың дәстүрлі орталығы. Түмен облысы бүгінде еліміздің шекаралас аймағы - Солтүстік Қазақстан облысымен белсенді өзара әрекеттеседі.

Екі күнге жалғасатын кездесудің аясында облыс әкімшілігі ЭКСПО-2017 көрмесіне баруды жоспарлауда, көрмеге қатысушы елдер ұсынған технологиямен танысуды көздеп отыр. Атап айтқанда қонақтар Ресей, Франция, Германия, ТМД елдері, Қазақстан және Қытай елдерінің павильондарына ерекше қызығушылық танытып отыр.

Өңірде инвестициялық саясатты дамыту облыс басшылығының әлеуетті бағыттарының бірі болып табылады. Осыған байланысты шамамен 50 бизнесмен Астанаға Түмен облысынан қазақстандық кәсіпорындармен байланыс орнату үшін келді. Түмен облысының дамуының басты қозғаушысы - білім болып табылады. Осыған орай делегация Назарбаев Университетіне баруды жоспарлап отыр.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Астанада 2020 жылға дейін қаланы дамыту бағдарламасы жұмыс істейді, соған орай шаһар ақылы және қауіпсіз қала ретінде қалыптасып, өңір аясында инвесторлар мен инновация үшін өңірлік халықаралық орталық болмақ.

Қаланың негізгі бөлігі бос аумақта салынған. Біз әуежайдан түсе салысымен бұл шаһардың жаңа инфрақұрылымға толы екенін көрдік, сәулеті керемет. Ендігіде қаланы толығымен аралауды жоспарлап отырмыз», -деді ресейлік губернатор.

Соңғы жаңалықтар
telegram