Түмен облысында автобус аударылды: 30 адам зардап шекті

АСТАНА.  Қыркүйектің 11-і.  ҚазАқпарат -    Ресейдің Түмен облысында   «Түмен - Ханты-Мансийск»  тас  жолының  334-ші шақырымында  бүгін түнде  «Mеrcedes»  жолаушылар  автобусы аударылды.   Оқиға салдарынан 30 жолаушы зардап шекті, 

Түмен облысында автобус аударылды: 30  адам зардап шекті

  деп хабарлайды РБК  агенттігі.

Ресейдің Төтенше жағдайлар  министрлігінің Орал  аймақтық  орталығының баспасөз қызметінің мәліметі  бойынша,  7 зардап шегуші ауруханаға  жеткізілді,  олардың  ішінде 1,5 жасар  бала бар.   Ведомстводан  сондай-ақ,     жол-көлік оқиғасының салдарын  жоюға   28 адам және 9 техника  жұмылдырылғаны   хабарланды.

Соңғы кезде Ресей аумағында  рейстік автобустардың  қатысуымен    бірнеше үлкен жол  апаты  орын  алды.  Атап айтқанда, шілденің 24-інде  «Краснодар-Волгодонск»  бағытында  кетіп бара  жатқан  автобус,  «Mеrcedes»  маркалы автокөлік        жанар-жағармай  құйылған    цистерна тіркемесімен соқтығысып қалды.  Оқиға салдарынан  21 адам қаза болып, 9 адам жараланды.