Түменде мигранттарды әлеуметтік-мәдени бейімдеу проблемалары талқыланады

АЛМАТЫ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Сара Мустафина/ - Ресейдің Түмен қаласында маусымның 7-10-ы аралығында «Тіл саясаты және мигранттарды жерсіндірудің әлеуметтік-құқықтық сипаттары» деген тақырыпта халықаралық конференция өтеді.
None
None

Бұл шараның мақсаты - мигранттарды әлеуметтік-мәдени бейімдеу жөніндегі өзара іс-қимылдардың тетігін талдап жасау үшін мемлекеттік органдардың, қоғамдық, ұлттық, діни қозғалыстардың және ғылыми топтардың күш-жігерін біріктіру болып табылады, деп хабарлады Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілі, тарих ғылымдарының кандидаты Гүлғазира Балтабаева.

Мәжіліске Қазақстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Қытай, Моңғолия, Украина, АҚШ, Германия, Молдова, Литва елдерінің және Ресейдің ғалымдары, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатысады.

Соңғы жаңалықтар